Лента новостей
0

Елбасы Қ.Жаңбыршинге қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіруді тапсырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.02.2016 19:36 Zakon.kz
Қазақстан Президенті былтыр қабылданған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңның жүзеге асырылуын және мемлекеттік аудитке тиімді түрде көшуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Қ.Жаңбыршин Мемлекет басшысына Есеп комитетінің 2015 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануда үнемі кездесетін проблемалар, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті былтыр қабылданған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңның жүзеге асырылуын және мемлекеттік аудитке тиімді түрде көшуді қамтамасыз етуді тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев бұған қажетті жағдайлар жасалғанын, Комитет мәртебесі көтеріліп, мақсаттарының аясы кеңейтілгенін, тиісті мамандарды қайта даярлау жүргізіліп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аудиттің қаржы мәселелерін ғана емес, орган қызметінің тиімділігін барлық бағытта бағалауды да қамтуы тиістігіне назар аударды.

Қ.Жаңбыршин былтыр Есеп комитеті 303 нысанда 29 бақылау шарасы жүргізгенін мәлімдеді. Анықталған қаржылық заң бұзушылықтар құнының көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайып, 1,3 триллион теңге болған. Бақылау шараларының нәтижесі бойынша орны толтырылуға тиіс 128,8 миллиард теңгенің 87,2 миллиард теңгесі өтелген.

Есеп комитетінің төрағасы жүргізілген тексерулер мен бақылау-талдау шаралары қорытындысы бойынша Үкіметке және басқа да бақылау нысандарына 46 ұсыным мен 180 тапсырма жолданғанын айтты. Бұл орайда ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуы тиісінше 98% және 95,8% болды.

Қ.Жаңбыршин бюджеттік және басқа заңнамаларды бұзғаны үшін 75 заңды тұлға және 66 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 271 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Құқық қорғау органдарына бақылау шараларына қатысты 40 материал берілді.

Есеп комитетінің төрағасы Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ облыстардың ревизиялық комиссияларының 2015 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері туралы да баяндады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: dknews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: