Ауғанстанда 40-тан астам содырдың көзі жойылды
Zakon.kz
Үкімет сарбаздары арнайы операцияны Нангархар провинциясында жүргізген. Ұрыс қимылдарына құрлық әскері мен әуе күштері қатысты.
Ауғанстанның шығысында «Ирак пен Левант» лаңкестік тобының 40-тан астам содырының көзі жойылды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Үкімет сарбаздары арнайы операцияны Нангархар провинциясында жүргізген. Ұрыс қимылдарына құрлық әскері мен әуе күштері қатысты. Құрбан болған экстремистердің арасында жергілікті басшылардың бірі бар. Олардың қай елдің азаматы екені әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай соңғы айларда қатты ушығып тұр. Бұрын тек ауылдық жерлерге шабуыл жасайтын «Талибан» радикалдары енді ірі қалаларға ауыз сала бастады. Бұл аз дегендей, былтырдан бері әлемді дүрліктірген «Ирак пен Левант» лаңкестік тобының да елдегі ықпалы күшейген.
Фото:kk.wikipedia.org
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript