Лента новостей
0

Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша 21 мың пәтер пайдалануға беріледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.02.2016 23:59 Zakon.kz
Биыл өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 459 мың шаршы метр баспана салымшыларға тапсырылады. Нәтижесінде 21 мың пәтер пайдалануға беріледі.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өтемақы төлеу жөнінде бүгінге дейін 50 мыңнан астам салымшымен қосымша келісімге қол қойған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның тұрғын ұй құрылыс жинақ банкінің» басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Мемлекет басшысы несиелік тұрғын үй құрылысына 149 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын. Аталған қаражат 814 мың шаршы метр баспана салуға мүмкіндік береді. Ол – шамамен 14 мыңдай пәтер. Сонымен қатар биыл өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 459 мың шаршы метр баспана салымшыларға тапсырылады. Осылай тұрғын үй құрылысы желісімен шамамен 21 мың пәтер пайдалануға беріледі.

"Осы 149 млрд теңгені сараптай кететін болсақ, 22 млрд «Қазақстанның тұрғын ұй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларын қаржыландыруға кетеді. Ал 127 млрд теңгесі «Бәйтерек» холдингі арқылы әлеметтік тұрғын үй құрылыс саласына жұмсалатын болады. Бұл үйлердің шаршы метрі 30-70 шаршы метр төңірегінде болмақ", дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: