Лента новостей
0

Орта Азияда теңдесі жоқ шұлық кәсіпорны — Шымкентте

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.02.2016 19:06 Zakon.kz
Түрлі-түсті бояуға көмгерілген шұлық кептіріліп, үтіктеледі. Фабрикада тауардың 10 түрі өндіріледі.

Орта Азияда теңдесі жоқ шұлық тігетін кәсіпорын Шымкентте орналасқан. Мұнда күніне 10 000 дана тауар шығарылады. Цехтан дайындалған өнім бүкіл Қазастанды қамтиды. Сондай-ақ отандық тауар шетел нарығында да сұранысқа ие, деп хабарлайды

Кәсіпорнында айына 30 мың дана шұлық шығарылады. Тауардың сапалығын мақсат тұтқан серіктестік басшылығы шикізатты Европадан әкелетінін айтады.

Кәсіпорында 20-ға жуық маман бар. Олардың қызметі де әрқилы. Тігіншілер арнайы аппараттан жартылай дайын болған шұлықтың кем-кетігін түгендейді. Әсіресе, көлемі мен кескініне аса көңіл аударады.

Өйткені тауар стандартқа сай болуы тиіс. Ал шұлықтарға рең беру — ең ұзақ процес. Оған кемінде 7-8 сағат уақыт кетеді екен. Түрлі-түсті бояуға көмгерілген шұлық кептіріліп, үтіктеледі. Фабрикада тауардың 10 түрі өндіріледі.

Шымкентте шығарылатын бұл шұлыққа шетел нарығында да сұраныс көп. Алайда доллар бағамының құбылуы биылдан бастап тауарды өзге елге тасымалдауға кедергі келтіруде. Кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы 50-60 мың теңгені құрайды. Оңтүстікте шығарылатын өнім болашақта шетелге тасымалданатын болса, серіктестік басшылығы кәсіпорын көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Фото: otyrar.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: