Лента новостей
0

ШҚО әкімі Д.Ахметов тұрғындар алдында есеп берді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.02.2016 20:36 Zakon.kz
Ең басты бағыт – инвестиция тарту. Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 119%-ға өсті.

Өскеменде аймақ басшысының тұрғындар алдында жыл сайынғы есеп беру кездесуі өткізіліп жатыр. Даниал Ахметовтың айтуынша, 2015 жылы өндірістің барлық салалары бойынша экономикалық өсімнің оң қарқыны сақталды. Сонымен қатар аймақ басшысы 2016 жылға арналған міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Zаkon.kz, ШҚО ақпараттық орталығы берген мәліметке сүйеніп.

Өз баяндамасының басында Даниал Ахметов Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қойған басты міндеттеріне тоқталып өтті.

Ең басты бағыт – инвестиция тарту. Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 119%-ға өсті. Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 5 маңызды жобға инвестиция тартылды. 2015 жылдың желтоқсан айында Семей қаласының инженерлік инфрақұрылымы бойынша 11 млрд. теңгені құрайтын екі келісімге қол қойылды. Сонымен қатар Еуропалық даму және қайта құру банкіне 154 млрд. теңгені құрайтын 124 жоба қарастырылуға жіберілді.

2015 жылы индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 5,5 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылып, 562 жұмыс орындары ашылды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 100,6% өсті. Жалпы алғанда өткен жылы агроөнеркәсіп кешенінде 5 млрд. теңгеге 94 жоба іске асырылды. 2016 жылы Шығыс Қазақстанда сүт-тауарлы фермаларды құру және сүт қабылдау пунктерін дамыту бағдарламасы одан әрі жалғастырылатын болады. Биыл 7 млрд. теңгеге 7 жаңа сүт-тауар фермаларын іске қосу және 17 ферманы қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының көлемі 109%-ға өсті. 2015 жылы 318 мың. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтер кілттеріне 3 мыңнан астам отбасы ие болды. Сонымен қатар өткен жылы 43 әлеуметтік сала нысаны қолданысқа берілді. Құрылысы ұзаққа созылған 118 нысанның 94-і қолданысқа берілді – 54 білім беру және 10 денсаулық сақтау нысандары.

2015 жылы 333,5 шақырым жол жөндеуден өтті, ал биылғы көрсеткіш 2 есе артады.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: