Лента новостей
0

Алматыда Орталық Азия өңіріндегі есірткі мәселесі талқыланды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.02.2016 21:32 Zakon.kz
Бүгінгі бас қосуда шекара ынтымақтастығы, маңызды ақпараттармен алмасу, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетін жою мәселелері талқыланады.

Алматыда ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен (ОАӨАҮО) бірлесіп, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның есірткіге қарсы ведомство басшыларының жұмыс кездесі өтті. Оған ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің басшысы, әділет генерал-майоры Сұлтан Күсетов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда ОАӨАҮО - Орталық Азия өңіріндегі есірткі мәселесін шешуге бағытталған ынтымақтастықтың маңызды тетігі. Бүгінгі бас қосуда шекара ынтымақтастығы, маңызды ақпараттармен алмасу, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетін жою бойынша бірлескен арнайы іс-шаралар өткізу, сондай-ақ практикалық байланыстарды нығайту және кеңейту мәселелері талқыланады», - деді ОАӨАҮО, генерал-майор Бейшенбай Жүнісов.

Сонымен қатар, ол ОАӨАҮО-ның көмегімен есірткіге қарсы ведомстволар күні бүгінге дейін есірткіге қарсы бірқатар үйлестірілген халықаралық операциялар жүргізілгендігін айтты.

«ОАӨАҮО құрылғалы бері есірткі тасымалының 32 арнасы жойылды. Олардың ішінде Орталық Азия, Қытай, Ресей, Еуропа елдері және Канадаға бағытталған арналар бар. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 70-тен астам басшылары мен белсенді мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 6 тоннадан артық есірткі алынды, оның ішінде 350 келі героин, 144 келі апиын, 5 тоннадан астам каннабис шайыры және 26 келі метамфетамин тәркіленді», - деді Б. Жүнісов.

Осы іс-шара барысында әсіресе, Ауғанстаннан есірткі тасымалының арналарын жою бойынша өзара іс-қимыл жасасу механизмдерін жетілдіру бойынша қосымша шаралар пысықталады.

Айбота Жаппарберген

Фото: www.dentons.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: