Лента новостей
0

Өнертапқыштар бөбектердің өресін кеңейтетін қалам ойлап тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.02.2016 17:31 Zakon.kz
«Әліппе», «Мақал-мәтел», «Жаңылтпаш», «Жұмбақ», «Білгенге маржан» секілді11 дәптерден тұратын топтаманы «Қастерлі» деп аталатын мына шағын қалам сөйлей жөнеледі.

Қаламдар да тіл қатады. Өнертапқыштар бөбектердің өресін кеңейтетін әдіс ойлап тапты. «Зерек бала» және «Сиқырлы қалам» деп аталатын құралдар балаларды тәрбиелеуде таптырмас дүние,- дейді мамандар. Жоба авторлары келешекте тың дүниелерін жетілдіріп, мектеп бағдарламасына енгізуді жоспарлап отыр,- деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

«Әліппе», «Мақал-мәтел», «Жаңылтпаш», «Жұмбақ», «Білгенге маржан» секілді11 дәптерден тұратын топтаманы «Қастерлі» деп аталатын мына шағын қалам сөйлей жөнеледі. Тіпті, қабырғаға іліп қоятын әліппи, киіз үйдің моделі, әртүрлі музыкалық аспаптарды қамтыған пианино - бәрі сол «Қастерлі қаламның» арқасында әуендетеді. Бұл құралдар қолдануға өте ыңғайлы. Алматыдағы балабақшалардың бірінде қолданысқа енгізілген бұл құрылғы өз нәтижесін беріп үлгеріпті. Ол бүлдіршіндерді қазақ тілін еркін меңгеруге, тілін дамытуға септігін тигізеді дейді мамандар.

«Қастерлі қаламның үніне балалардың жауап беруі және олардың әріптерді үйренуі арқылы, салт-дәстүрлер, жаңылтпаштар, небір ертегілерді үйренуі арқылы ойлау қабілеті, қоршаған ортаны тану қабілеті және грамматикалық формада дұрыс сөйлеу мәдениеті қалыптасады», - деді балабақша меңгерушісі Зада Әмірәлиева.

Қытайлық компаниямен бірігіп жасаған бұл құралдарға қазақ тілін енгізу үшін бірталай уақыт кетіпті. Жоба авторларының айтуынша, аталмыш әдістемелік құралдар аспан асты елінде сұранысқа ие.Өнертапқыштардың болашақтағы жоспарлары үлкен. Келешекте бастауыш сынып оқушыларына да енгізсе деген пікірде.

«Техникалық тұрғыда қаламсапты жинауға біраз уақыт кетті. Ол жақтағы техникалық жобаларды, біздегі жобаларды салыстырдық. Балаларға қауіпсіз, жақсы бір құрал ретінде кіргізіп отырған жөніміз бар. 1,2-ші сыныпқа жарайтындай білім бөліміне кіргізсек деген ойлар түсіп жатыр жан-жақтан», - деді жоба авторы Еркебұлан Дудабаев.

Аталмыш әдістемелік құралдың бағасы 25 мың теңгенің көлемінде. Болашақта құрастырушылар құралды одан әрі жетілдіріп, сауда орындарына сатылымға шығармақшы.

Азамат Әуезхан, Дархан Айтқазин

Фото: edufund.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: