Лента новостей
0

Ғалымдар смартфон арқылы әлеуметтік желілерде отыру ерте қартаюға әсер ететінін дәлелдеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.02.2016 18:29 Zakon.kz
Смартфон арқылы әлеуметтік желілерде ұзақ отыру көп уақыт жоғалтумен қатар ерте қартаюға ықпал етеді.

«Merz Aesthetics» сарапшылары ұялы телефондардың адам денсаулығына қаншалықты әсер ететінін зерттеген. Көп адамдар бір-бірімен жолыққан кездерде сөйлесіп, араласудың орнына телефонды қолдарынан тастамайтын көрінеді, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.

Ғалымдар жүргізген зерттеуге Франция, Испания, Ресей, Италия, Тайвань, Оңтүстік Корея елдерінен 35 жастан жоғары 5340 адам қатысқан. Олардың 33 пайызы ер адамдар болса, 65 пайызы әйел адамдар. Зерттеуге қатысушылардың 76 пайызы күніне 2 сағат әлеуметтік желіде отырады. Оларға «смартфонды үнемі пайдаланғанда, немесе экран арқылы сөздерді оқу кезінде ерте қартаю сезіле ме?» деген сауалға 44,05 пайызы көздерінің айналасында кішігірім әжімдерді байқағанын айтқан. Кейбірі бет терісінің құрғақ болуын аңғарған.

Ғалымдардың айтуынша, әлеметтік желіде сөйлескен сәттерде бұлшықеттер босаңсыған болып көрінеді. Алайда, смартфондар денсаулыққа кері әсерін тигізуде.

Сарапшылар смартфондарды көп қолдануды шектеп, әлеуметтік желілерде аз уақыт өткізуге кеңес береді.

Фото: rln.fm

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: