Лента новостей
0

ҚР Ұлттық банкі айырбастау пункттерінің жұмысына жаңа ережелер еңгізді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.02.2016 20:20 Zakon.kz
2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін бағамдарды белгілеу туралы өкімді шығару уақытын Қазақстан қор биржасының жұмыс уақытына байланыстыру туралы норманың қолданылуы тоқтатылды.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі №144 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы №55 қаулысын бекітті, ол жақын арада жарияланатын болады. Бұл өзгерістер мен толықтырулар бірінші кезекте айырбастау операцияларының айқындылығын арттыруға және халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында айырбастау пункттерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады,- деп хабарлайды Zakon.kz, ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйеніп.


Мәселен, айырбастау пункттері уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің кассасын қолма-қол ұлттық және (немесе) шетел валютасымен толықтыру үшін уәкілетті банкпен шарт жасауға міндетті. Яғни, егер айырбастау пунктінің кассасында шетел валютасы немесе теңге бітсе, уәкілетті ұйым өзімен тиісті шарт жасаған уәкілетті банкке шетел валютасын сатып алу немесе сату және өзінің айырбастау пунктінің кассасын толықтыру үшін жүгінуге тиіс. Бұл ретте осындай шарт бірнеше уәкілетті банкпен жасалуы мүмкін.


Банктік емес айырбастау пункттері қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін бір айдың ішінде уәкілетті банктермен тиісті шарттарды жасауға тиіс. Сондай-ақ, 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін бағамдарды белгілеу туралы өкімді шығару уақытын Қазақстан қор биржасының жұмыс уақытына байланыстыру туралы норманың қолданылуы тоқтатылды. Яғни айырбастау пункттеріне демалыс және мереке күндері валюта нарығындағы өзгерістерді барабар көрсететін айырбастау бағамын белгілеу мүмкіндігі берілді. Бұл айырбастау пункттерінің жұмысында туындайтын іркілістерді жою үшін жасалды. Қабылданған қаулының қолданысқа енгізілуімен банктік және банктік емес айырбастау пункттері демалыс және мереке күндері шетел валютасын сатып алудың және сатудың белгіленген бағамдарын өзгертуге құқылы және тиісінше валютаның бір түрі бойынша сатып алу және сол сияқты сату кезінде әдеттегі режімде жұмыс істейтін болады.


Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс- қимылға жәрдем беру және айырбастау операцияларының ашықтығын арттыру мақсатында сатып алынатын / сатылатын шетел валютасының жеке тұлғаның жүргізілген айырбастау операциялары бойынша сәйкестендіру деректерін тізілімдер журналында міндетті тіркеу талап етілетін шегі айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша баламада 2 млн. теңгеден 1 млн. теңгеге дейін төмендетілді. Осылайша, жеке тұлғаға айырбастау пункті арқылы 1 млн. теңгеден астам сомаға айырбастау операциясын жүргізу үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.


Егер айырбастау пунктінде клиентке валюта болмауына байланысты айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылса, онда айырбастау пунктінің кассирі оның талабы бойынша айырбастау пунктінде жоқ болған валютаның түрі мен сомасын, анықтаманы беру күні мен уақытын көрсете отырып, еркін нысандағы анықтаманы беретінін еске саламыз. Кассир анықтамаға қол қояды және оны қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның ішкі қағидаларында белгіленген тәртіпте тіркейді.


Айырбастау пунктінің клиенті кейіннен Ұлттық Банктің филиалына жоғарыда берілген анықтаманы қоса бере отырып, айырбастау пунктіне шағымын беруге құқылы.


Фото: dixinews.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: