Ауа райының күрт жылуына орай Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейді
Мамандар сел жүру қаупі бар аумақтарды қазірден бақылауына алыпты.Әр ауданның тұрғындарына 100-ден астам ескертпе қағаздарыда таратылған,- деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 300 млн теңге бөлген еді. Қаржы Қарғалы, Ақсай және Үлкен Алматы өзен арналарын күшейтуге жұмсалмақ. Сондай-ақ Мыңжылқы бөгетін қайта жасақтауға және селден қорғаудың 5 жобасын іске асыруға жұмсалады.
«Осы уақытта судың деңгейлерінде ешқандай өзгерістер жоқ. Қардың қалыңдығы нормадан төмен. Ауа райының жылынғанына қарамастан. Техниканың дамыған заманы. Жақсы, мықты техникалар бар», - деді «Қазселденқорғау» ММ Алматы аумақтық бөлімінің басшысы Ринат Әміржанов.
Фото: astana.gov.kz