Лента новостей
0

Отандық зауыт әскери кемелердің жаңа түрін жасайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.02.2016 23:49 Zakon.kz
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Зенит» зауытын қайта жаңғырту жұмыстары жуықта басталады.

Орал қаласындағы «Зенит» зауыты жуықта салмағы 600 тонна болатын әскери кемелер өндіруді бастамақ. Жаңа кемелер еліміздің Әскери теңіз күштерінде қазір қызмет жасап жүрген корабльдерге қарағанда 2-3 есе үлкен болады. Бұл туралы «Қазақстан» ҰТА, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйеніп хабарлады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Зенит» зауытын қайта жаңғырту жұмыстары жуықта басталады. Жаңғыртудан кейін отандық әскери кемелердің көлемі үлкеюі мүмкін. Бүгінде Қазақстанның Әскери теңіз күштерінде қызмет атқаратын кемелердің салмағы 220-250 тонна шамасында. Ал, жаңа кемелер 600 тонна болмақшы.

Бұл кемелер түрлі мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін. «Зенит» зауыты өткен жылы су сыйымдылығы 13 тен 250 тонна көлеміндегі 23 кеме жасап шығарған. Олардың арасында «Сарыарқа» зымырандық-артиллериялық кемесі де бар.

Фото: www.youtube.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: