Лента новостей
0

Н.Назарбаев: Адамдар бүгін бәрін кешірулері қажет

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.03.2016 20:32 Zakon.kz
Құндылықтардың қадіріне жете алған елдің келешегі кемел болмақ-Н. Назарбаев.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл мерекенің мән-маңызына тоқтай келе, бүгін барлық әріптесінен кешірім сұрағанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазір жер бетінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер өршіп жатыр. Соғыс болмаса да, соғыс болғандай қан төгілуде. Миллиондаған адам босып, елдерінен қашып жатыр. Алауыздық артып, қақтығыстар көбейіп, ел қырылып жатыр. Мұндай кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздері жасаған жақсылықтарды еске алуы аса маңызды мезет», - дейді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға өзара сыйластық пен құрмет бастайды. Құндылықтардың қадіріне жете алған елдің келешегі кемел болмақ.

«Мен Алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім. Адамдар бүгін егер де кемшіліктер болса, қатты сөздер айтылса, өкпесі болса, бәрін кешіруі қажет. Мен бүгін өзімнің барлық әріптесімнен кешірім сұрадым. Жұмыс бабымен ренжіп, ұрысқан болсам, көңілдерін түсірген болсам, бүгіннен бастап бәрін кешіріп, жаңа қарым-қатынаста бастайық», - деді Президент.

Айта кетейік, биыл 14 қаңтарда Президент бірінші наурызды Алғыс айту күні ретінде белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бүгін ел халқы бұл мейрамды алғаш рет атап өтіп отыр.

Фото:kaztv.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: