Алтын биылғы басты актив саналды
Zakon.kz
2016 жылдың ең тиімді активі - алтын. Әлемдегі орталық банктер, ірі инвесторлар қазір алтын сатып алған тиімді деп есептейді.
Қаңтар айынан бері алтын бағасы 9,3 пайызға өсіп, 1 унциясы 1220 долларды құрап отыр. Бұл 1979 жылдан бері құнды металл бағасының ең жоғарғы нүктесі, - деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Жылдың соңына дейін алтын 1400 долларға дейін өсуі мүмкін, бірақ бұл әлемдік экономикада тоқырау туындаған жағдайда ғана бомақ. Дегенмен кей сарапшылардың айтуы бойынша, алтын тұрақты дивидент алып келмегендіктен, қызығушылық артпауы мүмкін. Сонымен қатар, Bloomberg агенттігінің мәліметінше, қарқынды өсім көрсетіп отырған валюта япондық иена, соңғы кезде 5,5 пайыз өсімді көрсеткен.
Фото:09region.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript