Жыл басынан бері Астанада үш мыңнан астам жұмыс орны ашылды
1 наурыздағы жағдай бойынша жылдық жоспардың орындалуы 17 пайыздан асты, нақтырақ айтқанда, 3 мың 265 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 245-і – өнеркәсіп, 692-сі – сауда, 175-і – көлік және байланыс, 490-ы – білім және денсаулық сақтау, 498-і – құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласында болса, қалған 1 мың 165-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА, Астана әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 1 мың 69 адамды жұмысқа орналастырды.
Жастар тәжірибесінен өтуге 187 түлек жіберілді, 26 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.
Фото: www.kremlinrus.ru