Биыл қоғамдық орындарды ластаған 22 мыңнан астам адамға айыппұл салынды - ҚР ІІМ
Биыл қоғамдық орындарда ластаған 22 мыңнан астам адамға айыппұл салынды. Бұл жайында ҚазАқпарат, ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Ағымдағы жылдың қаңтарында қоғамдық орындардың тазалығын бұзғаны үшін 22,7 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 10,2 мың адам абаттандырылған жерлерді ластаса, 9,7 мың адам белгіленбеген жерлерде шылым шеккен. Аталған құқық бұзушыларға жалпы сомасы 59 млн. теңгеден асатын әкімшілік айыппұл салынды», - делінген министрлік ақпаратында.
Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 159 бабына сәйкес темекі бұйымдарын мына орындарда шешуге тыйым салынатындығын ескертіп өткен: білім беру ұйымдары, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына арналған ұйымдар, денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық тамақтану орындары, кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт, көру және көрме залдары, спорт ареналары және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық ғимараттар, соның ішінде түнгі клубтар, би кештері, мұражайлар, кітапханалар және лекторийлер, пойыздар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлер, әуе кемесінің борты, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондары, әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жұмыс орындары болып табылатын үй-жайлар, үйлердің кіреберістері.
Марлан Жиембай
Фото: palata.kz