Лента новостей
0

Қазақстан Иранмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтпек ниетте

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.03.2016 21:44 Zakon.kz
Ислам әлемі, жалпы Таяу Шығыспен қарым-қатынасымызды нығайтуды көздеп отырмыз. Біз Иранмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кең көлемде дамытпақпыз.

Қазақстан Иранмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық миссия жетекшілерімен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Ислам әлемі, жалпы Таяу Шығыспен қарым-қатынасымызды нығайтуды көздеп отырмыз. Біз Иранмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кең көлемде дамытпақпыз. Бұл елге салынған санкциялардың күшін жоюы сауда саласындағы байланысымызды жоғары деңгейге көтереді деген үміттемін. Осы жылдар ішінде Қазақстан Иранмен саудасын тоқтатқан жоқ және санкциялардың күшін жою үшін қолдау көрсетті", - деп атап өтті Президент.

Сондай-ақ Қазақстан Америка құрама штаттарымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Өйткені, АҚШ - еліміздің экономикасына ақша салып жатқан ірі шетелдік инвесторлардың бірі.

"Қазақстан Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі елдермен экономикалық, инвестициялық технологиялық ынтымақтастыққа қарқын қосуды жоспарлап отыр. Әрі осы өңірдің кейбір елдері Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағын құрмақ ниетте", - деді Н.Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, бүгінде Африка континенті, Латын Америкасы елдерімен де қарым-қатынасымыз да жақсы дамып келеді.

Фото:ortcom.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: