Ақтөбе трасплантологияның жаңа деңгейіне шықты
Ақтөбе облысында осыған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы және әлемдік санаттағы оңтүстіккореялық Кангнам Северанс емханасы арасында қол қойылған меморандум жүзеге асырыла бастады, -деп хабарлайды Zakon.kz, «Ақтөбе ақпарат» орталығы берген мәліметке сілтеме жасап.
Ынтымақтастық аясында тараптар алғаш рет Ақтөбеде халықаралық симпозиум өткізіп, Қазақстан аймақтарында органдарды трасплантациялауды дамытуды талылауда. Ауқымды шараға Сеул Ұлттық Университеті госпиталінің Президенті Бьюнг Хи Ох, Ресей мен Түркияның денсаулық салаларындағы беделді қайраткерлер, республикалық трансплантация бойынша үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев, «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ директоры Болатбек Баймаханов, Астана, Шымкент, Алматы медициналық орталықтарының өкілдері қатысты.
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қонақтарға Қазақстан мен Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласына қосып жатқан үлестері үшін алғыс білдірді.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында өмір сүрудің орташа жас мөлшері 72 жасқа ұлғайғанын айтқан болатын. Оған елдегі медициналық ғылым мен денсаулық сақтау саласының дамуының дәлел. Қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауымыз керек. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында медициналық кластерді қалыптастыру бойынша ауқымды жобаға қолға алынып жатыр. Онда өзге қызмет түрлерімен қоса, органдарды трансплантациялау мүмкін болады. Бұл бағытта жұмыстар басталды. Сеул Ұлттық Университеті мамандарының қолдауымен биыл Ақтөбеде бауырды ауыстыру бойынша ота сәтті жасалды. Сонымен бірге, бір жылда бүйректі ауыстыру бойынша 8 ота жасалды», - деді Ақтөбе облысының әкімі.
Аймақта трансплантацияны дамыту – ауқымды жоба, оны жүзеге асыруға болады, деп санайды Республикалық трансплантация жөніндегі үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев.
«Қазақстандықтар алға тек мақсат қоймай, оны орындай да алады. Мәселен аймақтарда қардиохирургиялық қызмет дамып келеді. Осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде миокард инфарктінен болатын өлім көрсеткіші 30%-ға азайды», - деді кез- келген елдегі медициналық көмектің трансплантологияның даму деңгейінің көрсеткішімен анықталатынын айтқан Досқалиев.
Трасплантология бойынша үйлестіру орталығы директорының айтуына қарағанда, бүйрек пен бауырды ауыстыру бойынша сәтті оталар жасалған Ақтөбе облысы трасплантологияның жаңа деңгейіне көтерілді.
Шара қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев пен Сеул Ұлттық Университеті госпиталінің президенті Бьюнг Хи Ох аймақтағы трансплантологияны дамыту саласында бірлесіп жұмыс істеуді қарастыратын екі жақты меморандумға қол қойды.
Бердібек Сапарбаев Батыс Қазақстанда осы ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқан отандық және шетелдік дәрігерлерге алғыс хаттар мен естелік медальдар табыстады.
Симпозиумге қатысып жатқан мықты хирург-трансплантологтар алдағы екі күнде ақтөбелік әріптестеріне тірі донордан бүйрек пен бауырды трасплантациялау бойынша шеберлік дәрістер өткізеді.