Лента новостей
0

Швеция шекарадағы бақылауды тағы 30 күнге ұзартады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.03.2016 17:19 Zakon.kz
Швеция Шенген келіссөзіне енген елдермен шекарадағы бақылауды өткен жылғы қарашаның соңында енгізді.

Швеция билігі елге қарай ағылған босқындар легін қатаң қадағалауды көздейді. Осыған байланысты 9 наурыздан бастап, мұнда Шенген келіссөзі аясында әрекет ететін елдермен шекарадағы уақытша бақылау тағы 1 айға ұзартылады, - деп хабарлайды 24.kz, ТАСС агенттігінің берген мәліметіне сілтеме жасап.

Елдің миграция істері жөнінен министрі Морган Юханссон былай мәлімдеді: «Қаңтарда Таяу Шығыстан Грекияға 2015 жылмен салыстырғанда саны он есе көп босқын өткен. Ақыры біздің жерімізге табан тірейтін олар үшін берілетін баспана адамға толып кетті». Министрдің айтуынша, егер Швеция шекарасында бақылау болмаса, іс насырға шабуы мүмкін. «Егер біз ЕО-ның ең кең пейілді мемлекеті бола берсек, онда өзіміздің күніміз не болмақ?», - дейді министр.

Естеріңізге сала кетсек, Швеция Шенген келіссөзіне енген елдермен шекарадағы бақылауды өткен жылғы қарашаның соңында енгізді.

Г.Абилова

Фото:sverigesradio.se

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: