Рио-2016. Олимпиадаға босқындар командасы қатыспақ
Zakon.kz
ХОК команданы арнайы жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін босқындар командаларын құру идеясын бекітті, - деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.
«Құрамаға 5-10 спортшы кіреді деп ойлаймын. Бұл команданы құрып, біз бүкіл әлемдегі босқындарға үміт сыйлағымыз келеді», - дейді ХОК президенті Томас Бах.
Айта кетейік, ХОК команданы арнайы жабдықтармен қамтамасыз етеді. Ал спортшылардың ойындарға қатысуының барлық шығындарын ХОК қадағалауындағы «Олимпиадалық ынтымақтастық» ұйымы өз мойнына алып отыр.
Фото: forum.latinoparaiso.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript