Лента новостей
0

Тарбағатай ауданында «Мейірім» орталығы ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.03.2016 20:03 Zakon.kz
Мұнда жаңа киім-кешектердің түр-түрі, азық-түлік, көкөністер тіпті оқулыққа дейін бар.

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында «Мейірім» деп аталатын орталық ашылды. Оның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасыларға тегін материалдық көмек көрсету, -деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Бұл ізгі шараны жергілікті әкімдік пен аудандағы кәсіпкерлер ұйымдастырған. Оны тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап отыр. Мұнда жаңа киім-кешектердің түр-түрі, азық-түлік, көкөністер тіпті оқулыққа дейін бар. Ал наубайхана иелері жұма күні тегін нан мен кондитер өнімдерін таратады. Мұқтаж жандарға орталыққа келіп, қалаған заттарын таңдап алуына болады. Егер киім өлшемдері сәйкес келмесе, оған арнайы тапсырыс беріледі екен.

«Қалаған нәрсеміздің барлығын алып жатырмыз. Осындай іс-шаралар көбейе берсін», -дейді Ақсуат ауылының тұрғыны Бағила Рамазанова.

«Елбасының тапсырмасын тарбағатайлықтар, ақсауаттықтар іске асырып жатырмыз. Осы іске 100-дей кәсіпкер қамтылып отыр»,-дейді «Тарбағатай кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Манат Әлімжанова.

Фото: 24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: