Лента новостей
0

Елордада 5 мың 385 нысан заңдастырылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.03.2016 21:07 Zakon.kz
Елордалық қаржы қызметкерлері азаматтарды мүлікті, ақша қаражатын заңдастыруға белсенді қатысуға шақырады.

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметтерінше, қазіргі кезде елордада жалпы құны 21,2 млрд. теңгенің 5385 нысаны, сондай-ақ, жалпы сомасы 122,2 млрд. теңгені құрайтын ақша заңдастырылды, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА, Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйеніп.


Жалпы алғанда, жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға ҚР аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша жалпы құны 76,2 млрд. теңгені құрайтын 5775 өтініш келіп түскен.


Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментіне алым төлеместен екінші деңгейлі банкте ашылған ағымдық шотқа ақша салу арқылы ақша қаражатын заңдастыру бойынша жалпы сомасы 122,2 млрд. теңгенің 45 арнайы декларациясы ұсынылған. Айта кетейік, өткен аймен салыстырғанда бұл көрсеткіш 14,7 есеге артқан.


Елордалық қаржы қызметкерлері азаматтарды мүлікті, ақша қаражатын заңдастыруға белсенді қатысуға шақырады. Ақшаны және бағалы қағаздарды заңдастыру үшін Астана қаласының мемлекеттік кірістер органдарына, ал рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті заңдастырғанда әкімдіктер жанындағы комиссияларға жүгіну керек. Құжаттар бір айдың ішінде өңделеді және шешім шығарылады. Содан кейін тізілімге енгізіледі және мүлікті тіркеу жүргізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Фото: astana.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: