ҚР Ұлттық банкі жинақтарды 50 де 50 қағидатымен әртараптандыруды ұсынады
Қазақстанның Ұлттық банкі азаматтарға өздерінің жинақтарын 50 де 50 қағидатымен әртараптандыруды ұсынады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz сілтеме жасап.
«Айырбас бағамы теңгенің әлсіреуі немесе күшеюі бойынша белгісіздік жағдайында Ұлттық банк азаматтарға өздерінің жинақ қаражаттарын 50 де 50 қағидатымен әртараптандыруды ұсынады. Яғни, жинақ қаражаттарының 50 пайызын ұлттық валютада, қалған 50 пайызын шетелдік валютада ұстауды ұсынамыз», - деді Д.Ақышев.
Ол 1 ақпаннан бастап Ұлттық банк сыйақының ең жоғары мөлшерлемесін жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 10 пайыздан 14 пайызға дейін арттырғанын еске салып өтті.
«Бұл ағымдағы ахуалды есепке алғанда халық үшін ең тиімді жағдай болып табылады. Сондықтан да, Ұлттық банк алдағы уақытта теңге депозиттерінің үлесі артатынын күтеді. Ұлттық банк несиелеу үшін ұзақ мерзімдегі теңге өтімділігін қамтамасыз етеді», - деп баса айтты ол.
«Экономиканы теңге ресурстарымен қамтамасыз етуге келсек, мұндағы Ұлттық банктің басты міндеттерінің бірі экономиканы ұзақ мерзімдегі теңге өтемділігімен қамту болып табылады. Бұл ретте жұмыс бірқатар бағытта өрбуде. Біріншіден, теңге депозиттерінің тартымдылығын арттыру. Екінші деңгейлі банктердегі ұлттық валютадағы депозиттердің өсу үлесі экономиканы теңгемен кредиттеуге көп мүмкіндік береді», - деп түйіндеді ол.
Фото: bnews.kz