Лента новостей
0

Электролиз зауытына павлодарлық күйдірілген мұнай коксының алғашқы легі жіберілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.03.2016 15:26 Zakon.kz
Қазіргі сәтте күйдірілген мұнай коксының мың тоннасы түсірілді.

"Қазақстан электролиз зауыты" АҚ-на анод өндірісі үшін қажетті шикізаттың алғашқы партиясы әкелінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Павлодар» ЕЭА аймағындағы «УПНК-ПВ» ЖШС мұнай коксын күйдіру бойынша жаңа кәсіпорынның өнімін қолдану алюминийдегі жергілікті үлестің құрамын арттыруға көмектеседі.

«Алдын ала есептелген байқау қорытындысына сәйкес «УПНК-ПВ» ЖШС-де жасалған күйдірілген мұнай коксының қазіргі қолданылып жатқан кокстен айырмашылығы бар. Алайда дәлірек бағалау үшін анод өндірісі үдерісі барысында зерттеулер жүргізуге уақыт қажет», – дейді электродтарды шығару бойынша цех басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Қайырбеков.

Күйдірілген мұнай коксы белгіленген рецептураға сәйкес таскөмірді күйдірумен бірге араластырғышқа жіберіліп, 185 градус Цельсий температурасында араласады. Алынған анод массасын гидравликалық баспаққа жіберіп, «жасыл» анодты қалыптастырады. Бір сағат уақытында 25 блок шығарылып, кейін арнайы конвейерде салқындатылады. Айта кетерлігі, күйдірілген мұнай коксының алғашқы партиясын жасауда қолданылған шикізат та отандық болып табылады. Оны павлодарлық «ПНХЗ» ЖШС өндіреді.

«Біздің зауытымыздың өндірістік қуаты жылына 205 мың тонна күйдірілген коксты құрайды. Бүгінгі күні өндірісте іске қосу және ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол жұмыстардың аясында әлеуетті жеткізушілердің күйдірілген кокске қажеттілігі қамтамасыз етіледі»,- дейді «УПНК-ПВ» ЖШС-ның бас технологі Иван Федоров.

2016 жылдың наурызында қазақстандық күйдірілген кокстың бірінші легі электродтарды шығаруда қолданылды. Жаңа шикізаттың пайдалану қорытындылары, баспақтан және күйдіруден, яғни анодтың толық өндірістік айналмынан кейін ғана белгілі болады.100% жергілікті шикізатты құрайтын күйдірілген кокстың бірінші тобы алюминий өндірісінде осы жылдың сәуірінде қолданылмақ.

Фото:www.inform.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: