Лента новостей
0

8-наурыз мерекесі қарсаңында ШҚО әкімі облыстың әйелдер қауымын құттықтады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.03.2016 22:54 Zakon.kz
13 әйелдер және гендерлік мемлекеттік емес ұйымдарға, 39 этномәдени бірлестіктерге басшылық етіп отыр.

Шығыс Қазақстан облысында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Әйелдер қауымын келе жатқан мерекелерімен облыс әкімі Даниал Ахметов құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әртүрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдер облыс әкімінің қолынан марапатқа ие болды. Олардың қатарында ауылшаруашылығы, мәдениет, спорт, білім беру салаларының өкілдері, журналистер мен үй шаруасындағы әйелдер, «Күміс алқа» иелері бар. Әрбіреуі кәсіби және азаматтық тұрғыда қалыптасқан, жоғары шығармашылық жетістіктерге қол жеткізген, еңбек қызметі мен өмірде табысқа жете білген жандар.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов бүгінгі кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңындағы алқашқы мерекелік шара екендігін атап өтті.

«Ел болашағын ертеден ойлаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, әйел-ананың әлеуметтік жағдайына, денсаулығына баса көңіл аударып келеді. Өйткені ер – елдің иесі болса, әйел – үйдің киесі. Қазіргі қоғамда әйел тек отбасын ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекеттің саяси өміріне белсене ат салысып, еліміздің стратегиялық міндеттерін шешуге зор үлес қосып отырған қоғам мүшесі», - деді облыс әкімі.

Айта кетсек, біздің облыста әйелдер қауымының басым бөлігі мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау сынды әлеуметтік салаларда еңбек етіп жүр. Мемлекеттік басқару саласының жартысы – әйелдер. Облыстың барлық салаларында басқарушылық қызметін атқарып жүрген әйелдер саны 40%-ды құрайды.

Сонымен қатар, нәзік жандылар аймақтың қоғамдық өміріне, азаматтық институттарды дамытуға зор үлес қосып келеді. Олар 13 әйелдер және гендерлік мемлекеттік емес ұйымдарға, 39 этномәдени бірлестіктерге басшылық етіп отыр.

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: