Лента новостей
0

14 мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелде дауыс бередi – ҚР ОСК

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.03.2016 18:17 Zakon.kz
ОСК мүшесiнiң айтуынша, шетелдік учаскелерде Қазақстан Республикасының азаматтары партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда ғана дауыс бере алады.

14 мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелде дауыс бередi. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Ләззат Сүлеймен ОСК брифингi барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР ОСК мүшесi Ләззат Сүлеймен БАҚ өкілдерін 2016 жылдың 20 наурызында партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауда дауыс беру, жалпы алғанда, 9 840 сайлау учаскесінде өтетіндігі туралы ақпараттандырды.

«Дауыс беру күні Қазақстаннан тыс жерде болатын азаматтар да өздерінің сайлауға қатысу құқығын іске асыра алады. Ол үшін шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанында Сыртқы істер министрлігінің аумағындағы сайлау округіне қатысты сайлау учаскелері құрылады», - дейдi Л.Сүлеймен.

ОСК мүшесiнiң айтуынша, Сайлау заңнамасына сәйкес шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді іссапарда жүрген және Республика азаматының төлқұжаты бар барлық азаматтар енгізіледі. Сонымен қатар, еліміздің шет мемлекеттерде жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларда жүрген азаматтары, учаскелік сайлау комиссиясына жүгінiп, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болған жағдайда сайлаушылар тізімдеріне енгізіледі.

«2016 жылдың 4 наурызына дейін түрлі шет мемлекеттердегі консулдық есепке Қазақстан Республикасының 14 мыңнан астам азаматы қойылған. 51 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасы өкілдіктерінің жанында 65 сайлау учаскесі құрылды. Олардың iшiнде 25 учаске Азия елдерінде, 4 – Оңтүстік және Солтүстік Америкада, 1 – Африкада, 20 – Еуропада, 15 – ТМД-да орналасқан», - дейдi Л.Сүлеймен.

ОСК мүшесiнiң айтуынша, шетелдік учаскелерде Қазақстан Республикасының азаматтары партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда ғана дауыс бере алады. Сондай-ақ, сайлау учаскелерi шет мемлекеттiң жергiлiктi уақыты бойынша жұмыс iстейді.

Фото: today.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: