Лента новостей
0

Мемлекет басшысы «Ақтөбе жылыжай» ЖШС жылыжай кешеніне барды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.03.2016 15:27 Zakon.kz
Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми тәсілдерді қолданудың маңыздылығына айрықша назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы саласының өнімділігін арттыру қажеттігін айтты.

Елбасы кешенді аралап, көкөніс өсіру технологиясымен танысты. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа ауыл шаруашылығын дамытудың өңірдегі негізгі бағыттары, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметінің берген ақпаратына сүйеніп.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми тәсілдерді қолданудың маңыздылығына айрықша назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы саласының өнімділігін арттыру қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы планета халқының көбейіп келе жатқанына байланысты аграрлық сала өнімдеріне ұдайы сұраныс болатынына тоқталды. Сондықтан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Қазақстан Президенті мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға, өндіріске жаңа технологиялар енгізуге және озық халықаралық тәжірибелерді игеруге шақырды.

Жабық жерде көкөніс өндіретін жылыжай кешені жалпы ауданы 3 гектар аумақта орналасқан. Жобалық қуаты жылына 1500 тонна көкөніс өндіруге лайықталған.

Фото:www.akorda.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: