Лента новостей
0

Көпқабатты үйлерден кондиционерлер алынбайтын болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.03.2016 17:07 Zakon.kz
Министрлік өкілдерінің айтуынша, мәселені ушықтырған жергілікті атқарушы органдар екен. Өйткені олар жаңа тәртіпті дұрыс түсінбей, асығыс әрекетке барған.

Көпқабатты үйлерден кондиционерлер алынбайды. Оларға айыппұл да салынбайды. Ұлттық экономика министрлігі жақында ғана шығарған бұйрығын өзгертетін болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, мәселені ушықтырған жергілікті атқарушы органдар екен. Өйткені олар жаңа тәртіпті дұрыс түсінбей, асығыс әрекетке барған. Сөйтсе, ғимараттардың көше жақ бетіне салқындату қондырғылары мен антенналар қойылмауы керек деген жаңа ереженің осыған дейін орнатылған құралдарға еш қатысы жоқ. Оның үстіне, министрліктегілер бұйрыққа өзгеріс енгізбек. Яғни, заңды құжаттағы «көпқабатты тұрғын үйлер» деген жерін алып тастап, бұл талапты тек тарихи-мәдени нысандар үшін міндетті еткелі отыр.

«Жеке шағын үйлерге және қаланың сыртында орналасқан, шет жақтарда орналасқан көшелерге орналастыру бұл талап қойылмайды. Және болашақта бұл талапты алып тастау мүмкіншілігі де қарастырылуда»,- дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі технологиялық реттеу және нормалау басқармасының басшысы Сәуле Мұстафаева.

Ербол Тұрымбет

Фото: m.khabar.kz



Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: