Лента новостей
0

Қызылордалық математик жаңа теңдеу ойлап тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.03.2016 19:47 Zakon.kz
Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алатын зияткердің бұл жаңалығын келешекте құрылыс жобаларын сызуда, кескіндеуде кеңінен қолдануға болады.

Қызылордалық оқушы Әбілпәсім Ләтіш жаңа математикалық теңдеу ойлап тапты. Білгір жас Галилео Галилейдің 17 ғасырда енгізген циклоида формуласының жаңа моделін шығарып, оны ғылыми тұрғыда дәлелдеді, -деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА.

Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алатын зияткердің бұл жаңалығын келешекте құрылыс жобаларын сызуда, кескіндеуде кеңінен қолдануға болады.

Әбілпәсімнің математикалық теңдеуі халықаралық интеллектуалдық байқауда үздік деп танылып, ғалымдардың таңданысын туғызған. Себебі 400-ге жуық жас математиктің арасынан дара шыққан қызылордалық өреннің бұл еңбегі математика іліміне тағы бір жаңа формула енгізіп отыр. Бұл геометриялық кескіндемелерді оқушы бір жыл бойы зерттеп, Геогебра динамикалық математикалық бағдарламасы арқылы ойлап тапқан. Ізденімпаз жас енді математика ғана емес, астрономия мен физика ғылымдарын да тереңінен зерттеуді мақсат етіп отыр.

Фото:kaznews.kaztrk.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: