Лента новостей
0

Елбасы «Жастық! Жігер! Еңбек!» атты республикалық жастар форумына қатысты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.03.2016 22:39 Zakon.kz
Форумға елдің барлық өңірінен үш мыңдай жастар өкілі қатысты.

Іс-шара барысында форумға қатысушылар «Гүлдене бер, туған ел!» жалпыұлттық марафон-эстафетаның басталғанын мәлімдеді.Мемлекет басшысы мұнда ел үміт артқан ең талапшыл жастар жиналғанын атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйеніп.

XXI ғасырды біз жаһандық сын-қатерлер дәуірі ғана емес, жас, қуатты және талантты адамдардың дәуірі деп те атаймыз. Қазақстанда бүгінде әрбір төртінші азамат – жас ұрпақтың өкілі. Мені сіздердің білімдеріңіз, шетел тілдерін игергендеріңіз, инновацияға ашық болуға талпыныстарыңыз қуантады. Араларыңызда ақылы мен білімі қазірдің өзінде Отанымызға пайдасын тигізіп жатқан жастар аз емес. Әлем жұрты көп ұзамай жаңа қазақстандық ғалымдар, дәрігерлер, инженерлер, музыканттар мен спортшылар туралы естіп-білетініне сенімдімін, – Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жастар қазіргі уақытта ұсынылып отырған мүмкіндіктерді пайдалануы қажеттігін айтты.

Біз заманауи білім беру жүйесін, зияткерлік мектептер, Астанада халықаралық университет аштық. Жыл сайын мыңдаған студентті әлемнің үздік университеттеріне жібереміз. Өмірдегі ең басты нәрсе – білім, жоғары кәсібилік және өз Отаныңа адалдық, мен сіздерді осыны есте ұстауға шақырамын. Сіздерде зор күш-қуат пен шығармашылық әлеует бар. Осының бәрін өмірлеріңіздегі ең басты мақсатқа жетуге бағыттаңыздар, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел жастардың әлеуетін дамытуға және жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасап жатқанын айтты.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жастарды қолдауға бағытталған шаралар қарастырылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» жобалары арқылы жарты миллион қазақстандық жас қамтылған. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында жас отбасыларға 3,5 мыңнан астам пәтер берілді. Бұл жұмыс әлі жалғасады. 2017 жылдан бастап әрбір орта мектеп түлегі мемлекет есебінен алғашқы мамандығын меңгеріп шығатын болады. Жаһандық дағдарысқа қарамастан, біз барлық ресурсты еңбек адамын қолдауға бағыттаймыз. Бұл біздің экономикамыздың дамуы үшін мультипликативті әсерді қамтамасыз етеді, қазақстандықтар үшін қуатты «әлеуметтік саты» қалыптастырады және жастардың игілігін арттырады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бүгінде елімізде жолдар салынып, индустрия дамытылып, жаңа жұмыс орындары мен инновациялық кәсіпорындар ашылып жатқанына назар аударды.

Сіздердің тың идеяларыңыз бен жастық жігерлеріңізді қажет ететін жүздеген, мыңдаған жұмыстар бар. 200 мыңдық сарбазы бар «Жасыл ел» акциясы нағыз ерлік болды, олар 10 жылда 115 мың гектар аумақта 50 миллион ағаш отырғызды. Осы игі миссияны жалғастырып, Қазақстанды жасыл әрі болашақ ұрпақ үшін таза өлкеге айналдыру керек. Сіздер Универсиада мен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу ісіне белсене қатысатындарыңызға сенімдімін. Осының бәрі сіздер үшін, сіздердің болашақтарыңыз бен еліміздің болашағы үшін жасалуда. Жастарымыз мемлекет қамқорлығына үздік оқумен, спорттағы және шығармашылықтағы табыстарымен, Отанына қызмет етуімен жауап береді деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті елдің барша жастарына сөз арнады.

Сіздер – елдің болашағысыздар. Сіздер мен біздің ұлы мақсатымыз бар. Армандар ұмтылған кезде ғана орындалады. Қазақстан ХХІ ғасырда қуатты әрі өздеріңмен бірге өркендейтін ел болуы үшін сіздердің күш-жігерлеріңіз, ынтымақтарыңыз, табандылықтарыңыз бен таланттарыңыз жеткілікті екеніне сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Фото: www.millioner.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: