Лента новостей
0

Қостанай алқаптары Иран инвесторларын қызықтырып отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.03.2016 23:53 Zakon.kz
Инвесторлардың айтуынша, олардың бұл дақылдарды өсіруде тәжірибесі бар.

Иран инвесторлары Қостанай өңірінен 100 мың гектар құнарлы жерді жалға алатын болды. Олар бұл алқапқа дәнді және майлы дақылдар егеді. Бұл туралы alau.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Иранның «Джахар-э-сабз» фирмасы Қазақстанда бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол еліміз экономикасына осы уақытқа дейін 20 миллион доллар инвестиция салды. Ирандық фирма елдің батыс облыстарында құс шаруашылығымен, оңтүстік облыстарда көгалдандыру ісі мен айналысқан болатын. Енді Қостанай облысында егін шаруашылығын айналдырмақ. Ол үшін Қостанай өңірінен ауыл шаруашылығы мақсатына 100 мың гектар жерді жалға алуға үш жылдық жоба ұсынды.

«Джахар-э-сабз» фирмасының жетекшісі Сеид Әл Акбар Хосейни: «Иранда астық пен майлық дақылдар өте тапшы. Бұл проблеманы біз Германия мен Аргентинадан бидай, зығыр, рапс сатып алу есебінен шешеміз. Біздің елдің ауылшаруашылығы министрі осы дақылдарды өзіміздің егуімізді міндеттеді», – деді.

Инвесторлардың айтуынша, олардың бұл дақылдарды өсіруде тәжірибесі бар. Ал облыс әкімі Архимед Мұхамедов жергілікті диқандар Иранға бидайды бұрынғыдан үш есе көп экспорттауға дайын екенін айтты. Ауыл шаруашылығы дақылдарын сатуды 3 миллион тоннаға дейін жеткізуге болады. Бірақ бұл үшін әкім инфрақұрылым керектігін ескертті.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов: «Астықты артатын, таситын терминалдарды солтүстік облыстардан да салуға болады. Біз оған көмек береміз. Біз жергілікті ауыл шаруашылығын өндірушілер, тіпті шағын қожалықтар өз астығын экспортқа тікелей шығара алатын мүмкіндікке жетуін мақсат тұтып отырмыз», – деді.

Ирандық инвестрорларға беретін егіс алқабының орны әлі анықталған жоқ. Тек оның облыстың топырағы құнарлы және темір жол мен тас жол жақын, инфрақұрылымы жақсы солтүстік аудандарының бірінен бөлінетіні белгілі.

Нәзира Жәрімбетова

Фото:altaynews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: