ЕО ҚР-да мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша жобаға 4,5 млн еуро бағыттады
Еуропалық одақ елдері Қазақстанның мемлекеттік қызметін жетілдіру бойынша жобаға 4,5 млн астам еуро салды, деп мәлімдеді бүгін «Мемлекеттік қызметтегі заманауи үрдістер мен реформалар» атты конференцияда ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министрі Инна Ахметова. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
«Бұл жоба 2012 жылдың қаңтарынан бастап төрт жыл бойы жүзеге асырылды. Осы кезеңде Еуропалық одақ 4,5 млн еуродан астам сомаға қаражат салды. Жобаның басты мақсаты кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға көмектесу болды», - деді И.Ахметова.
Ведомство басшысының орынбасары айтып өткендей, ЕО-тың жобаны қолдауының нәтижесінде жаңа мемлекеттік қызмет моделі құрылды. Атап айтқанда, жаңа заңдар қабылданды, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен институционалды реформаны жүзеге асыру үшін жоба сарапшылары еуропалық озық тәжірибе үлгілерін ұсынды.
«Биыл біз Мемлекет басшысының бастамасы бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Біздің ел бірінші кезектегі мемлекеттік қызмет нәтижесін беретін болады», - деп баса айтты ведомство басшысының орынбасары.
Өз кезегінде, төрт жылдық ынтымақтастыққа Қазақстандағы ЕО Уәкілдігінің басшысы Траян Христеа жоғары баға берді.
«Қазақстан Үкіметінің мемлекеттік қызметін жаңарту мен реформалау» ЕО жобасы Қазақстанның мемлекеттік басқару саласына еуропалық тәжірибені енгізу бойынша халықаралық бастама болып табылады.
Фото:www.matritca.kz