Лента новостей
0

"Қазгидромет" ақпарынан алматылық төтеншеліктер өре түрегелді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.03.2016 19:48 Zakon.kz
Жыл басынан бері Алматы қаласының аумағында қураған шөптер мен қоқыстардың өртенуі бойынша 15 дерек тіркелген.

Төтеншеліктер қауырт жұмысқа кірісті. Ауа райының жылуы қауіпсіздік шарасын күшейтуге итермелеген. Осыған орай мамандар халыққа өрт шығу қаупін түсіндіріп, сақтану шараларын қолдануға ескерту жасауда, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Көктемнің алғашқы күндері жылы болмақ. Күн көзінің көтеріліп, жылынуы төтеншеліктердің жұмысын көбейтті. Олар тұрғындарға ескертпе қағаздарын таратып, аулалар мен өздеріне бекітілген аумақтарды тазалау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айтуларынша, уақытылы тазаланбаған шөптер мен қоқыстар тілсіз жаудың тұтануына алып келеді. Осыған орай алдын алу шараларын ұйымдастыруға көшкен.

"1 мамырдан бастап Іле Алатау саябағының полицейлерімен қоса тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Өйткені мамыр айынан бастап күннің температурасы қыза түсіп, 30 градусқа дейін жетеді деген "Қазгидрометтен" ақпарат келіп түсті,- деді Алматы қ. ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Жыл басынан бері Алматы қаласының аумағында қураған шөптер мен қоқыстардың өртенуі бойынша 15 дерек тіркелген. Демек адамның салғырттығынан орын алған жағдайлар. Алдағы уақытта өртке қарсы қауіпсіздік шараларын ескермеген тұрғындар әкімшілік жазаға тартылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. Оның үстіне ауа райын болжаушылар осы апта жылы болады деп хабарлауда. Күн райы бұзылса, тек 14- 19 аралығына келуі иқтимал.

"Алдағы аптада Алматы облысының территориясында ауа райының тұрақсыз болуы күтіледі. Анығырақ айтқанда жауын-шашын наурыз айының 14-інен басталып, кей жерлерде қалың тұмандар байқалып, желдің жылдамдығы күшеуі мүмкін. Осындай тұрақсыз ауа райы 4-5 күнге созылуы мүмкін",- деді инженер-синоптик Гүлтаңсық Медеуова.

Заң бұзушылықтардың басым бөлігі көбіне Алматы қаласының Бостандық, Алатау, Медеу және Наурызбай аудандарында жиі тіркелетін көрінеді. Құзырлылар мұның алдын алу үшін тиісті шараларды жасаймыз деп отыр. Тағы бір ақпар, заңды белшесінен басқан тұрғындар қомақты айыппұл төлейді. Жеке тұлғалар - 10, шағын және орта бизнес мекемелері - 15, ал ірі кәсіпорындар 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды.

Азамат Әуезхан, Валерий Таубалдиев

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: