Алматыда ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары басталды
Zakon.kz
Ағаштың өсіп кеткен бұтақтары жел соқса, электр сымдарына зақым келтіріп, апатты жағдай туғызуы мүмкін.
Жетісу ауданында ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары басталды. Коммуналдық қызмет мамандары РЭС-4 энергетикалық компанияның ұсынысы бойынша қызметке кіріскен, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Себебі ағаштың өсіп кеткен бұтақтары жел соқса, электр сымдарына зақым келтіріп, апатты жағдай туғызуы мүмкін. Оған қоса, тек қураған талдар ғана емес, жер үй аумағында орналасқан жасыл бұтақтар да оталуда. Барлық жұмыстар заңды түрде іске асырылады.
Фото:www.saroblnews.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript