Лента новостей
0

Қазақстан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын ұлғайтуға ниетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.03.2016 22:29 Zakon.kz
Б.Сағынтаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас маңызды мәселе екенін айтып өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мақсатында жеткізілетін тауар тізімін кеңейтуге ниетті, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев. Бұл туралы primeminister.kz жазды.

«Біз өзбек тарапымен біздің сарапшылар бүгін түстен кейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Өзбекстанның Сыртқы экономикалық байланыс министрлігі аясында Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы сыртқы өзара тауар айналымын арттыру үшін қажетті тауарлардың тізімін кеңейту бойынша жұмысты бастауға келісті», - деді Б.Сағынтаев ҚР мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастық бойынша бірлескен үкіметаралық алқаның 15-ші отырысы барысында.

Ол екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас маңызды мәселе екенін айтып өтті.

«Әлем экономикасында болып жатқан жағдайларға байланысты Өзбекстанмен арадағы сауда айналымы өткен жылы 13,9 пайызға төмендеді. Бұл орынды үдеріс», - деді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол әлемдегі ортақ жағдайға қарамастан көптеген позициялар бойынша нарықтарды игеру жүріп жатқанын айтып өтті.

Бірінші вице-премьер мәлімдегендей, сондай-ақ үкіметаралық алқа отырысы барысында Қазақстан Өзбекстан тарапынан салықтарды, атап айтқанда ет өнімдеріне және кондитерлік өнімдерге салықтарды төмендету жайлы келісті.

«Біз Өзбекстан тарапына өнімдерімізді одан әрі жеткізе аламыз. Ол үшін біз қазіргі таңда жеткізілетін кондитерлік өнімдерге, ет өнімдеріне, ұнға және басқа да өнімдерге акциздерді төмендетуді сұрадық», - деді ол.

Оның айтуынша, бұл акциздер 2020 жылға қарай біртіндеп төмендетілетін болады.

Фото:egemen.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: