Лента новостей
0

Бангладеште «ағаш адамға» операция жасалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.03.2016 16:47 Zakon.kz
Жас жігіт қиындыққа мойымай, қызын қолына алып, құшағына қысатын күннің алыс емес екеніне сенеді. 3 сағатқа созылған операциядан шыққан дәрігерлер жара орны бітуі үшін тағы 6 ай уақыт қажет дейді.

Бангладеш дәрігерлері күнделікті тәжірибеде жиі кездесе бермейтін операция жасады. Бұл жолғы науқастың да дерті елден ерек. 10 жылдан бері ауру азабын тартып келген 25 жастағы Абул Баяндар «эпидермодисплазия верруциформис», яғни қарапайым тілде «ағаш адам» деген дертке шалдыққан, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Ауруы асқынғанға дейін арбакеш болып істеген Бангладеш азаматы қазір, өз қолымен тамақ ішуден де қалыпты. Себебі ағаш тамырына ұқсас сүйел, оның алақаны мен саусақтарын түгел басып кеткен. Дегенмен жас жігіт қиындыққа мойымай, қызын қолына алып, құшағына қысатын күннің алыс емес екеніне сенеді. 3 сағатқа созылған операциядан шыққан дәрігерлер жара орны бітуі үшін тағы 6 ай уақыт қажет дейді.

Айта кеткен жөн, Абул Баяндра мұндай дертке шалдыққан әлемдегі төртінші адам.

«Біз науқасты толықтай тексерістен өткізіп, сүйелді жою үшін алғашқы операция жасадық. Бірақ операция саны 10-12-ге дейін баруы мүмкін. Оған қоса науқастың терісі мен қан құрамын Америкаға сараптамаға жіберіп, нәтижесін күтудеміз. Біз оның екі қолына да операция жасап, сүйелдің өсуін тоқтатамыз деп ойлаймыз»-дейді пластикалық хирург Саманта Лал Сен.

Фото: inforesist.org

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: