Анкарадағы жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
Zakon.kz
Бомба Анкараның ортасындағы Қызылай алаңында жарылған.
Түркия астанасы Анкара қаласында болған террорлық шабуыл кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлады. Агенттікке аталған ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтқан.
«Қазіргі кезде зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар туралы ақпарат түcкен жоқ», - деді телефон арқылы Ә.Жайнақов.
Еске сала кетсек, 13 наурызда Анкарада террористердің жарылғышты іске қосуының салдарынан 37 адам қаза тауып, 125 адам жарақаттанған.
Бомба Анкараның ортасындағы Қызылай алаңында жарылған.
Фото:saigez.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript