Лента новостей
0

Наурыз мейрамына орай Шығыс Қазақстанда дәстүрлі онкүндік жарияланды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.03.2016 22:33 Zakon.kz
Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді.

Ұлыстың үлы күнін шығысқазақстандықтар ағымдағы жылы кең көлемді шаралардың өтуімен қарсы алады. Наурыздың 13-інде мерекеге орай онкүндік жарияланып, ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған 600-ға жуық мерекелік шара өтеді. Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

«Наурыз мерекесінің өту барысы да өзге шаралардай еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Мерекені атап өтудегі басты мақсат, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Жоспар бойынша, ай көлемінде аймақта дәстүр мен отбасылық құндылықтарды сақтауға және нығайтуға арналған 600-ға жуық шара өтеді», - деді Жақсылық Омар.

Мерекелік шаралар легі 13 наурызда «Ырыс күні» атауымен ұйымдастырылатын ауылшаруашылық жәрмеңкелер мен концерттік бағдарламалар өтуімен басталады.

14 наурызда «Дәстүр күні» атты ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлердің қатысуымен кездесулер өтеді.

Ал, 15 наурыз күні, «Жаңғыру күні» аймақ перзентханаларында салтанатты түрде туу туралы куәліктер табысталатын болады.

Наурыздың 16-шы жұлдызында «Көктем шуағы» атауымен түрлі флешмобтар, жасөспірімдердің қатысуымен концерттер өтеді.

17 наурыз «Қамқорлық күнінде» жастар қауымы тыл, еңбек және соғыс ардагерлерін мерекемен құттықтайды.

Келесі күні «Жаңару күнінде» қала тұрғындары сенбілікке шығып, қала көшелері мен саябақтарды қалыпқа келтіреді.

19 наурызда «Жарасым күні», білім ордаларында үздік шығармалар мен өлеңдер арасында байқау жарияланып, кітапханаларда Наурыз мерекесінің тарихымен таныстыратын әдеби кештер өтеді.

«Қуаныш күнінде» қаланың орталық көшелері, денсаулық сақтау, білім беру мекемелері әрлендіріледі.

21 наурызда «Шаттық күні», ән, би байқаулары, айтыс өтіп, түрлі шығармашылық қайраткерлерімен кездесулер өтеді.

Ал, 22 наурызда «Ұлыс күнінде» негізгі мерекелік шаралар: көкпар, күрес, қызқуу сынды ойындар, «Ең үздік киіз үй» байқауы сынды сайыстар мен түрлі байқаулар өтеді.

Фото:www.kazinform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: