Лента новостей
0

Елімізде жұмыссыздықты жою үшін 137 млн доллар бөлінбек

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.03.2016 23:35 Zakon.kz
Жоба негізінде техникалық мамандарды даярлау мен кәсіби білім беру жоспарланған.

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін азайтып, жұмыс орындарын арттыру үшін 137 миллион доллар бөлінеді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жұмыспен қамту мемлекеттік қызметін және оқыту орталықтары мен мекемелердің жұмысын жемісті қылу үшін үлкен жобаны жүзеге асыруда. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлайды.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл жоба өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға, оқуға мұқтаж адамдарға пайдасын тигізбек. Жоба негізінде техникалық мамандарды даярлау мен кәсіби білім беру жоспарланған. Ұйымдастырушылар жекеменшік секторын осы бағытта мамандардың біліктілігін бағалау үшін жүйелі түрде жұмысқа тартуды көздеп отыр. Жоба 2020 жылдың маусымына дейін аяқталуы тиіс.

Фото: www.linkedin.com

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: