Қазақстанның үш аффинаж зауытында 2015 жылы 30 тоннадан астам алтын шығарылды
2015 жылы Қазақстандағы барлық үш аффинаж зауытындағы алтын өндіру көлемі 15%-ға артып, 30 тоннадан астамға жетті, деп мәлімдеді бүгін «Тау-Кен Алтын» зауытының директоры Мейрамғали Тілеужанов ОКҚ өткен баспасөз конференциясы барысында. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
«2015 жылы Қазақстандағы барлық үш аффинаж зауыты 2014 жылмен салыстырғанда алтын өндіру көлемін 15%-ға арттырды. 2015 жылы 30 тоннадан астам тазартылған алтын өндірілсе, 2014 жылы 27 тонна өнім шығарылған», - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда бағалы металдарды аффинаждау саласында үш аффинаж зауыты жұмыс жасайды. Ол электрхимиялық технология әдісін пайдаланатын «Тау-Кен Алтын» ЖШС, азот пен тұз қышқылы технологиясы бойынша жұмыс жасайтын «Казцинк» ЖШС Металлургиялық кешенінің бағалы металдар өндіретін зауыт және Миллер әдісін пайдаланатын «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бағалы металдар өндіретін аффинаж зауыты.
«ҚР-ның барлық үш аффинаж зауыты бір-бірін өзара толықтырады, өзара бәсекелеспейді», - деп баса айтты директор.
Үш аффинаж зауытының ішінде «Тау-Кен Алтын» ЖШС 100% мемлекеттік және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салынған.
Сонымен, «Тау-Кен Алтын» ЖШС 2014 жылы ҚР Ұлттық банкіне 7 тоннаға жуық тазартылған алтын, 2015 жылы 10 тоннадан астам алтын өткізді, ал 2016 жылы 14 тонна таза алтын стандарттық құймаларын шығаруды жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда ҚР Ұлттық банкі бағалы металдардың активтерін толықтыру үшін тазартылған алтын сатып алу құқығын іске асыруда.
Зауыттың технологиясы бағалы металдарды халықаралық инновациялық әдіспен тазарту жолымен жүргізіледі. Бұл ТМД аумағында баламасы жоқ және әлемдік көшбасшылардың өзіне жол бере қоймайтындай деңгейде. Ол жылына 25 тонна алтын және 50 тонна күміс өндіреді.
Зауыт өнімі 12 келілік қалыпты құйма, Ұлттық банкке шығарылатын 100 г, 250 г, 500 г и 1000 г болатын өлшемді құймалар және түрлі диаметрлерінен тұрады. Зауыттың барлық өнімі 99,99 сапасына ие. Сонымен қатар, зауыт зергерлік саласының дамуына үлес қосу мақсатында қорытпа негізіндегі металдарды өндіру ісін қолға алған.
Фото: hi-news.ru