Лента новостей
0

Енді елордалықтар азық-түлік сапасын тексере алады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.03.2016 23:57 Zakon.kz
Елорда тұрғындары азық-түлік сапасын тексеру мүмкіндігіне ие болды.

Бүгін Астанадағы сауда орталығының бірінде «Әрбір тұтынушыға қауіпсіз өнім» акциясы өтті. Шара Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күніне орайластырылған. Акция аясында тұрғындар сатып алған тауарларының қауіпсіздігін тексерді, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары көкөністер мен жемістер құрамындағы нитраттардың мөлшері мен сүт өнімдерінің қышқылдылығын анықтады. Сондай-ақ білікті мамандар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында кеңестер берді.

«Жыл сайын өткізіп отырамыз. Арыз-шағымдар жыл сайын көбейіп келе жатыр. Бұл шараны өткізудің мақсаты – тұтынушылардың құқықтық білімін жетілдіру. Олар сатып аларда өз құқықтарын білулері керек, тауар қай жерден шыққанын, мерзімін, бәрін түгел тексеріп алатындай жағдайға жетуі керек», -дейдіқалалық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасарыМейрамғали Молдашев.

Фото:24.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: