Лента новостей
0

Екі айда алматылық жүргізушілер 436 млн теңге айыппұл арқалады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.03.2016 15:21 Zakon.kz
Бір жылдан асқан айыппұлды алып тастау оқиғасы Алматыда бір рет те кездеспепті. Сондықтан ең дұрысы айыппұлдан құтылуды емес, ереже бұзбағанды ойлаған жөн.

Айыппұлдан құтылу қиын. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың автокөлік айыппұлдарына қатысты жауабы жұртты дүр сілкіндірген еді. Онда министр "әкімшілік жазаға тартылған жүргізушілердің айыппұлы бір жылдың ішінде төленбесе, күшін жояды" деген. Алайда мұның түйткілді тұстары көп болып тұр, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

ҚР ӘҚБ кодексі 890-бабы 1-бөліміне сәйкес, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы күшіне енген сәттен бастап бір жыл ішінде орындалмаса, одан әрі орындауға жатпайды. Бұл ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жеке блогында жазған жауабы. Онда "бір жыл ішінде төленбеген айыппұл күшін жояды" делінген. Алайда іс соншалықты оңай шешілмейді. Әдетте инспектор толтырған құжаттағы айыппұл 40 күннің ішінде төленбесе, күштеп жүзеге асырылады, яғни сотқа, кейін сот орындаушыға жіберіледі. Егер бір жылдың ішінде қаулы құзырлы орындарға әлдебір себептермен жіберілмей қалса ғана айыппұл күшін жояды. Бірақ құжаттардың тиісті мекемелерге жетпей жылдап полиция мұрағатында қалып қоюы өте сирек.

"2014 жылға дейін Әкімшілік кодекстегі бұл заң тек қауіпсіз жол ережесіндегі салықтық төлемнің уақытына ғана қатысты болған. Ал, Әкімшілік кодекстің 890-бабы 2015 жылдан бастап айыппұлдың уақытына да енгізілді. Бірақ ол адамдардың айыппұлдан сол қалпы құтылады дегенді білдірмейді. Құжаттар мұрағатта қалып қоймайды. Келесі әрекеттерге жіберіледі. Яғни, бұл айыппұлды өндірудің мезгілі бір жыл қозғаусыз қалды дегенді білдірмейді. Бұл бір. Екіншіден - жүргізуші жазамен келіспегенде, он күннің ішінде шағымдана алады. Ал ол мерзім өтіп кеткендіктен, айыппұлдан тағы құтылмайды",- деді Алматы қаласы ІІД ӘПБ әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Рахымбаева.

Үшіншіден - әкімшілік полициядан бөлек, сот орындаушылар да бір жылдың ішінде құжатты қозғай алады. Оның үстіне сот үкімінен соң айыппұлдарды төлетумен биылдан бастап тек жеке сот орындаушылар айналысып жатыр. Қайтқан ақшаның көлеміне қарай жалақы алатын жеке сот орындаушылар әдетте борышкерден ақша алу үшін барын салады.

"Сот орындаушыларға жіберілген күннен бастап бір жыл, екі жыл өтсін. Бәрібір оны төлеуге міндетті. Ол жерде ешқандай мерзім жойылмайды. Оны төлеуге тура келеді. Сондықтан азаматтарымыз өздері тексертіп, борышкерлердің тізімінен көру керек. Ал, азаматар қарызын төлеуге міндетті",- деді Әділет департаментінің аға сот орындаушысы Нұржан Мереев.

Қалалық әкімшілік полиция кеңсесіндегі мына жерде күніне орташа есеппен мыңнан астам айыппұл өңделіп, орындауға жіберіледі. Бұдан бөлек, әр ауданда айыппұлдарды өңдейтін орталықтар тағы бар. Қысқасы, тасада тығылып қалатын мүмкіндік жоқ. Жалпы көлікке отырып, айыпты болып жатқан жүргізушілер саны жыл сайын өсіп барады. Биылғы соңғы екі айда камера арқылы 58 мың 570 көлікке 436 миллион теңгенің төлемі толтырылған. Бұл былтырдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 23 пайызға артық. Жалпы 2015 жылы қала көлемінде 2 миллиард 513 миллион теңгенің айыппұлы салынса, оның 560 миллионы әлі өндірілмеген.

Жоғарыда айтқан миллиардтардың басым бөлігі фото және бейнебақылау арқылы жазылған "жазалар". Министрдің айтқан жеңілдігіне камералар арқылы түскен теңгелер кірмейді. Ол адам факторынсыз іске асқандықтан, айыппұлдың мерзімі де шектеусіз. Ұзақ жыл өтсе де, сотқа жетсе де, жетпесе де тіркелген айыппұлдың теңгесін төлемейінше, базадан өшпейді. Ал, мына камералар жол ережесін бұзған көліктерді бірден орталыққа жеткізіп, келген мәліметтер бір тәуліктің ішінде өңделеді. Ал қолмен толтырылып, бір жылдан асқан айыппұлды алып тастау оқиғасы Алматыда бір рет те кездеспепті. Сондықтан ең дұрысы айыппұлдан құтылуды емес, ереже бұзбағанды ойлаған жөн, дейді мамандар.

Әмірболат Құсайынұлы

Фото:pavon.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: