Қостанай тұрғыны сотта өзінің тірі екенін дәлелдеп шықты
Қостанай тұрғыны сотта өзінің он екі жыл бұрын қайтыс болмағанын дәлелдеуіне тура келді, деп жазады ҚазАқпарат, Kazpravda.kz шыққан мақалаға сілтеме жасап.
«Қостанай қалалық сотына 45 жастағы ер адам шағымданып, өзіне қатысты қайтыс болу азаматтық хал актісі жазбасын жою туралы өтініш берді. 2003 жылы ер адам Қостанай қалалық ауруханасында емделген. Ауруханадан шыққан соң, мүгедектігін анықтауға жіберілген. Бұл оқиғадан кейін 12 жыл өтіп, 2015 жылы ХҚКО-на жеке басын куәландыратын құжатын ауыстыруға барғанда мамандар оған 2003 жылдан бері қайтыс болғандар қатарында екенін айтқан», - делінген хабарламада.
Қостанай қаласы әкімі аппаратының АХАЖ бөлімі құжаттарды сот шешімінсіз өзгертуден бас тартқанда, ер адам сотқа шағымданып келген.
Сотта сұралған куәгерлер азаматтың тұлғасын растады. Азаматтық іс материалдарында өтініш берушінің осы уақыт бойы тірі болғаны дәлелдейтін жұмыс істегені және зейнетақы қорына аударым жасалғаны туралы анықтамалар көрсетілген.
Фото: perecelenec.com.ua