Г.Әбдіқалықова БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлайды 24 kz.
Кездесу барысында Қазақстан Президентінің халықаралық бастамалары мен олардың іске асырылу барысы талқыланды. Тараптар еліміздің гендерлік теңдікке қол жеткізіп, бұл бағыттағы саясаттың өз жалғасын тауып, әйелдерге де бірдей экономикалық мүмкіндіктердің берілетініне сенім білдірді. БҰҰ Бас хатшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен барлық қазақстандықтарға ізгі құрметін танытып, өз сәлемін жолдады.
Сондай-ақ Г.Әбдіқалықова БҰҰ Даму бағдарламасының Администраторы Хелен Кларкпен кездесіп, БҰҰ жүйесінің Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығын қоса алғандағы кең ауқамды ынтымақтастықтың мәселелері жөнінен пікір алмасты. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Пан Ги Мунның жұбайы Пан Сун Дэкпен тілдесті. БҰҰ Бас хатшысының жұбайы халықаралық аренада әйелдер мен қыздардың білім алу мен денсаулық сақтауға қол жетімділігін қоса алғанда, құқықтарын қамтамасыз етумен қатар зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі жөнінен белсенді көзқарасымен танымал жан.
Фото: 24.kz