Лента новостей
0

Ғалымдар: ШҚО-ның Алтай өңірінде ежелгі жылан-адамдар өмір сүреді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.03.2016 19:30 Zakon.kz
Алтай өлкесінің тұрғындары мұнда көптеген қызықты жайттардың куәсі болғанын айтады.

Ғалымдардың айтуынша Алтайдың Қазақстандағы бөлігінде ерекше тылсым күштерге ие Агарти деп аталатын жерасты қаласы бар. Бұл туралы Stan.kz, express-k.kz жариялаған мақалаға сілтеме беріп хабарлайды.

Астаналық зерттеуші Ерсайын Шығаев ОББ-ның экс-агенті Эдвард Сноуденнің жерастында мекен ететін ергежейлі адамдар жайлы айтқан пікірінен кейін осындай байлам жасаған.

Енді астаналық ғалымдар Алтай өлкесіне зерттеу жүргізіп, Агарти патшалығының құпиясын ашпақ.

«Алтайда Белуха атты тау бар. Барлық буддалықтар Белуханы Будданың отаны деп санайды. Ежелгі нанымға сәйкес, Будда Гаутама Наги жылан-адамының нәсілінен болған. Нагилер сол жерастындағы ежелгі халықтардың өзі болуы мүмкін», – дейді Шығаев.

Ерсайын Шығаевтың айтуынша, қолдан салынған жерасты үңгірлері Антарктидада, Австралияда, Кавказ бен Алтайда табылған. Ғалымдар үңгір тұрғындары жылан адам кейпінде екенін болжайды.

«Негізінде мұндай адамдардың кәдімгі адамдардан айырмашылығы – олар энергия көзін Күннен емес, Жерден алады», – дейді Ерсайын Шығаев.

Алтай өлкесінің тұрғындары мұнда көптеген қызықты жайттардың куәсі болғанын айтады. Олар темір жұмыртқа, жартылай адам жартылай жылан түріндегі жаратылысты көрген екен. Тіпті, жергілікті аңшы кісі жылқысын іздеп жүріп, үңгірге түсіп кете жаздапты.

Алан Исаев

Фото:express-k.kz




Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: