Лента новостей
0

Спортшылардың парадтық киім үлгісі таныстырылды

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.03.2016 22:32 Фото: zakon.kz
Костюмдердің бағасы 245 мың теңгеге бағаланды. Оған бүкіл жинақ кіреді.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің кезектен тыс съезінде 2016 жылы Рио де Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында отандық спортшылар киіп шығатын парадтық киім үлгісі таныстырылды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Парадтық костюмді әзірлеуге шамамен 50 адам жұмылдырылды. Бұл дизайнерлер, конструкторлар, технологтар, сондай-ақ, Италиядан кеңесшілер тартылды. Ер адамдарға арналған парад костюмі пиджак, шалбар, жейде, галстук, туфли, жол сөмкесі және қолшатырдан, ал әйелдерге арналған парад костюмі жеңіл бешпет, белдемше, орамал, туфли, жол сөмкесі және қолшатырдан тұрады. Парад костюмін әзірлеуге Vitale Barberis коллекциясының жоғары сапалы маталары қолданылды», – дейді «Казлегпром-Алматы» кәсіпорнының директоры Айбек Бектұрғанов.

Сонымен қатар, әрбір киім үлгісі Олимпиадаға қатысатын әрбір спортшы үшін жеке-жеке тігілетіні және ол үшін үш рет өлшеу жұмыстары жүргізілетіні мәлім болды.

«Костюмдердің бағасы 245 мың теңгеге бағаланды. Оған бүкіл жинақ кіреді. Ең маңыздысы – бұл жүрек тұсында орналасқан біздің Елтаңбамызға деген құрмет. Біздің спортшыларымыз парадта жақсы сипатта көрінуі керек, ал басты міндет – Олимпиада орындарында жеңіске жету», – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Сәкен Мұсайбеков.

Олимпиада ойындарына арналған отандық спортшылардың киім үлгісін тігуге қазақстандық спорт өкілдері де атсалысқаны белгілі. Осы орайда, ҰОК кезектен тыс съезінде спортшылар киім үлгілері ойдағыдай әзірленгенін мәлім етті.

«Қазақстан құрамасының олимпиадалық киім үлгісін әзірлеуге Олимпиада чемпиондары да қатысты. Бірінші кезекте, біз спортшыларға ыңғайлы киім үлгісін тігуге тырыстық. Рио де Жанейеродағы ауа райы өте ыстық болатынын білесіздер. Сондықтан, осы ауа райына қолайлы киім үлгісі болсын дедік. Сол себепті, барлығы келісілген, спортшыларға ұнап, жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деген үміттеміз», – дейді қазақстандық боксшы Ермахан Ыбырайымов.Ал отандық жеңіл атлет, спринтерші Ольга Шишигина әйел спортшылар үшін парадтық киім үлгісінде туфли мокасиндерге ауыстырылғанын айтты.

«Бұл киім үлгісі біз парадта бірнеше сағат бойы тұратынымды есепке ала отырып және оның спортшылар үшін қолайлы әрі мыжылмауы талабымен әзірленді. Әйелдер үшін бізге ұсынылған туфлидің орнына мокасинді енгізу менің ойымша әлдеқайда ыңғайлы. Себебі, көбісі биікөкше аяқ киім кимейді. Ал сафари стиліндегі бешпет кез-келген дене бітімі үшін жарасымды болмақ. Ал классикалық үлгідегі белдемше де төсі кең спортшы қыздар үшін ыңғайлы болады», – дейді О.Шишигина.

Бауыржан Жуасбаев

Фото: bnews.kz



Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: