Енді әрбір қазақстандық ЖОО бітіруші студенттерге өзіндік үлгідегі диплом береді
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы барысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Жоғары оқу орындарының өзіндік үлгідегі дипломды беруі, білім сапасын арттырады, -деп мәлімдеді. Бұл туралы zakon.kz, министрліктің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Біз түсінеміз, жекелеген әлсіз ЖОО-лар мемлекет атын жамылып, диплом сатады. Мемлекет нұсқасындағы дипломдар саны еш жерде жоқ, тек бұрынғы кеңес мемлекеттері мен шығыс еуропа елдерінде ғана болмаса. Бұл дамыған елдердің тәжірибесі. Әр ЖОО өзінің дипломын береді. Егер дипломда мемлекеттік мөр болмаса, онда олар сол дипломды алу керек пе жоқ па, деп ойланып қалады. Олар ЖОО-ларды абырой, бедел-атағы бойынша таңдайтын болады. Бәсеке күрт өседі. Тек қана жоғары сапалы ұйымдар ғана қалады. Бұл мәселе мемлекеттік және жеке ЖОО басшыларымен бірнеше рет талқыланды. Бұл шешім позитивті, алайда оны бір мезетте енгізуге болмайды. Біз ЖОО-ларға жаңа жағдайларға бейімделуге уақыт береміз. Бұл норма 2021 жылдан бастап енгізіледі, демек жаңа нұсқадағы дипломдарды 2017 жылдың абитуриенттері алатын болады, - деді министр Е.Сағадиев.
Басқа жақтан қарасақ, барлық жақсы ЖОО-лар академиялық еркіндікті сұрайды. Бұл жақсы, өйткені Назарбаев УНиверситет, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚМЭБИ, ХАТУ сияқты бетке ұстар ЖОО-лар академиялық еркіндікті нашар нәтижелерге әкеліп соқпайтынын дәлелдеді. Сонымен қатар, оларға мемлекеттік нұсқадағы диплом берілетіндіктен, біз барлығын мұқият түрде реттеуге мүдделіміз. Академиялық бостандықты енгізу үшін нақты жауапкершілік қажет. Жеке нұсқадағы диплом мұндай жауапкершілікті жүктейді. Бұл сұрақ бойынша да Президенттің жеке тапсырмасы болды, - деп ойын түйді министр.
Фото: timeskz.kz