Лента новостей
0

Жарты миллионнан аса теңгені жымқырғаны үшін Алматы қаласының 58 жастағы тұрғынын ұстады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.03.2016 23:38 Zakon.kz
Жәбірленушінің полиция қызметкерлеріне дер кезінде хабарласуы ұрлықты «ізін суытпай» ашуға өз септігін тигізді.

Алматы-1 станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасының Алматы қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне 24 жастағы ОҚО тұрғыны шағымданып келді. Оның айтуынша, Алматы әуежайының күту залында белгісіз біреулер құжаттары мен ақшасы салынған әмиянын ұрлап кеткен. Шығын көлемі – 560 000 теңге, деп хабарлайды zakon.kz.

Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының барысында 1958 жылы туылған Алматы қаласының тұрғыны күдікті ретінде ұсталды.

Ұрланған заттар тәркіленіп алынды.

Аталған факт ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Жәбірленушінің полиция қызметкерлеріне дер кезінде хабарласуы ұрлықты «ізін суытпай» ашуға өз септігін тигізді.

Фото:zhedel-kuzet.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: