Лента новостей
0

Ақмола облысында боранда жолда қалған адамдарды құтқару жұмыстары жалғасуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.03.2016 16:52 Zakon.kz
Құтқару жұмыстарына «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамынан 30 адам және 11 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Ақмола облысында соңғы бір тәуліктің ішінде 105 адам және 36 көлік қар құрсауынан шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бірыңғай кезекші диспечерлік қызметі басқармасының басшысы Айвар Бұлқайыровтың берген мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Оның айтуына қарағанда, өткен сәрсенбі күні облыс бойынша боранда жолға шыққан ­ 104 адам (оның 11 балалар) және 34 көлік­ қар құрсауынан құтқарылды. Нақтырақ айтсақ, Жақсы ауданында 9 көлік пен 32 жолаушы, Атбасар ауданында 7 көлік пен 28 жолаушы Бурабай ауданында 28 көлік пен 54 жолаушы шығарылған. Құтқару жұмыстарына «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамынан 30 адам және 11 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Кеше 17 наурыз күні құтқарушылар тағы 105 адам мен 36 техниканы қардан аршып алды.

«Көріну нашарлығына байланысты, қиын жағдайлар болғаны рас. Жолда қалған адамдардың барлығы төтенше жағдайлар қызметінің бұқаралық ақпарат құралдары және ұялы байланыс операторлары арқылы хабарланған ескертулерге құлақ аспағандар. Дегенмен, шұғыл қызметтер тиісті деңгейде көмек қолын созып, жолда қалған адамдар мен көліктерді құтқарып, дер кезінде көмек көрсетіп отыр», - деді Айвар Бұлқайыров.

Осы күндері дүлей боран Жақсы аудандық әскери комиссариатының 70 шаршы метр шатырын да жұлып түсірген. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Аслан Оспанов

Фото:thenews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: