Лента новостей
0

Атырау облысындағы «Батыс Теңіз» кен орнынан мұнайшылар эвакуацияланды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.03.2016 20:22 Zakon.kz
Астана уақытымен сағат 11:50 құтқарушылар барлық жұмысшыларды вахталық қалашықтағы қауіпсіз орындарға көшірді. Зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысы Жылыой ауданында орналасқан «Батыс Теңіз» кен орнындағы ұңғымалардың бірінде бұрғылау алаңдарының қорғаныс дамбаларын теңіз толқыны шайып кету қаупі төніп, жұмысшыларды эвакуациялау қажеттілігі туындады, деп хабарлады BNews.kz.

Екі алаңда барлығы 41 адам болған. Олардың 18-і – Қытай Халық Республикасының азаматы.

Атырау облысының ТЖД штаб құрылып, жағдайды ҚР ІІМ ТЖК төрағасы өзі бақылауда ұстады. Ықтимал төтенше жағдайдағы ауданға Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, өтімділігі жоғары техникадағы батыс аймақтық жедел-құтқару отрядынан құрылған құтқару тобы аттанды.

Учаске қашықта орналасқандықтан, құтқарушылар аталған орынға 17 наурызда келді. Осы уақыт аралығында жұмысшылармен байланыс орнатылып тұрды, деп атап өтті ТЖК.

Сағат 8:20-да ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жұмысшыларды құтқару операциясы басталды.

Сағат 10:11-де бірінші ұңғымадағы 16 жұмысшы арнайы техникамен «Батыс Теңіз» кен орнының вахталық қалашығына жеткізілді.

Сағат 10:15-те құтқарушылар екінші ұңғыма алаңында болған тағы 25 жұмысшыны құтқаруға аттанды.

Астана уақытымен сағат 11:50 құтқарушылар барлық жұмысшыларды вахталық қалашықтағы қауіпсіз орындарға көшірді. Зардап шеккендер жоқ.

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: