Лента новостей
0

Ұмыт қалған ұлттық тағамдар жаңғыртылуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.03.2016 16:25 Zakon.kz
Ұлттық тамырдан ажырамас үшін өз елін, жерін сүйетін ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық тағамдарды білу де маңызды дейді мамандар.

Айран, қатық, сүзбе, ірімшік, балқаймақ, қорықтық, көмбе, құрт. Қазақтың бұл ұлттық тағамдарының кейбірін білсек те, біразының атауы да, жасалу жолы да ұмыт қалған. Алматыда Наурыз мерекесі қарсаңында ұмыт қалған ұлттық тағамдарымыз жаңғыртылып, жасалу жолы көрсетілді, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Қазақтың ұлттық тағамы дегенде бауырсақ, ет пен наурыз көжені айтып шектелетініміз бар. Ал шын мәнінде байырғы көшпелі халқымыз қуаты жоғары, құнарлы тағамдарды көп пайдаланған. Солардың бірі – көмбе. Тағамның бұл түрін бабаларымыз жол үстінде ыдыс жоқ кезде жерді қазып, от жағып, жас етті істікке іліп, бетін жауып пісірген. Қазір заманауи әдіспен көмбені қыш құмыраға пісіруге болады. Шоқтың қызуымен, ішіне құйылған су арқылы ет буланып, дәмі тіл үйірердей болып піседі.

Біздің мақсатымыз – соны қайтадан жандандыру. Ол дегеніміз бір жағынан біздің ауыл шаруашылығының дамуы, екінші жағынан ұлттың денсаулығы, үшінші жағынан халықтың патриотизмін көтереді және ол бизнестің көп түрін ашады, -дейді «Бизнес бастау» орталығының жетекшісі Ахметбек Нұрсила.

Қазақта құрттың оншақты түрі бар. Сықпа құрт, ежігей құрт, езілген құрт, май құрт. Солардың бірі жарма құртты жасау үшін айранды сабада пісіп, майын алып, қайнатқан соң құртты үлкен домалақ етіп жаяды. Дастарқанға берерде жарып, жеуге ыңғайлы етіп қойылады. Жарма құрттың ұсақ жайылған құрттан өзіндік ерекшелігі бар.

Жарма құрт деген үлкен қылып жайылады. Сосын іші жұмсақ болып тұрады. Іші аса қатты кеппейді. Сол үшін жарма құрт деп атайды. Жарма құрттың пайдасы өте көп. Бұрынғы көшпелі ата-бабаларымыз көп пайдаланған. Кальцийге өте бай, -дейді ұлттық астың шебері Алма Көнекбай.

Пробиотик дегеннің мағынасы «про» деген «за», « био» деген «жизнь», яғни «За жизнь» өмір үшін деген мағына береді. Адамның өмірін ұзартады деген сөз. Ал пробиотик – ол мына қышқыл тағамдар. Ол – айран, ол – шұбат, ол – қымыз. Қазақтың өскелең жастары ата-бабасының құнарлы тамағынан нәр алуға тиіс. Сонау ғасырлар бойы әжелеріміз апаларымыз сақтап келген мирасты қайтадан жандандыруға тиіспіз. Сонда ұлтқа деген патриоттық сезімі, махаббаты, құрметі оянады, -дейді «Бизнес бастау» орталығының жетекшісі Ахметбек Нұрсила.

Күнделікті ішіп жеген астың адамның болмысына әсері барын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Ұлттық тамырдан ажырамас үшін өз елін, жерін сүйетін ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық тағамдарды білу де маңызды дейді мамандар.

Гүлжан Көленқызы, Ғани Бекенов

Фото:egemen.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: